top of page

2015-2016 оқу  жылы 1 "А" сыныбым

01.09.2015 жылы 1 "А" сыныбы. Сыныпта 24 оқушы бар. 

Барлық сынып оқушыларына Елбасының "Менің Отаным-Қазақстан" атты оқу құралы сыйға тартылды.

Желтоқсан айында  төрт ай бойы білім нәрімен сусындаған бүлдіршіндер "Әліппе-білім бастауы" атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. 

Желтоқсан айының  23-і күні "Жасыл шырша жанында" атты жаңа жылдық кеш өтті. Оқушылар жаңа жылдық костюм киді.

7-наурыз күні аналарға арналған "Аналар-асыл жандар" атты ертеңгілік өтті. Балалар аналарына өз өнерлерін көрсетіп , сыйлықтарын берді.

22-сәуір күні мектебімізде дәстүрлі 7-ші "Гүлзар" фестивалі болып өтті. Фестивалде балалар көрініс көрсетіп, ән салып, би билеп, өздері өсіретін бөлме гүлдерін қорғады.

bottom of page