top of page

Құрметті ата-аналар

сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-қатынас құруға арналған

10 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз !

 

1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз қалағандай болып өсуін күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға көмектесіңіз.

2.Баладан оған жасаған барлық жақсылықтарыңыздың өтемін талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол сіздерге қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы үшінсісіне өмір сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық заңы.

3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін өз реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не ексең, соны орасың».

4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар, өйткені өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі жоқ.

5.Қорлық-зомбылық көрсетпеңіз.

6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол оның балалармен кездесуі екендігін ұмытпаңыздар.

7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз, өз-өзіңізді босқа қинамаңыз.

8. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы емес. Ол сіздің қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі, өміріңіздің жалғасы.

9. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да өз балаңыздай көріп, ешқашан оған жамандық істемеңіз.

10. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы болмағыш, үлкен болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната отырып – қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге болатын МЕЙРАМ! 

Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей

Жас адамды саналы,есті,мәдениетті,сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей,ел түзелмейді» олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып,оқу тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Баланы жастан бақпасаң Жамандықтан қақпасаң Қадірінен жұрдай қасқа боп Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйіндейтін ата-ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл – ертеңгі әке,ол әкегк қарап өседі.Бүгінгі қыз – ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі,бойын түзеді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы, демеуші ата-ана. Бала тәрбиесі әр отбасынан басталатыны анық.

Қазіргі уақытта бала трбиесінің табысты болуы ата-аналарының тәжірибесіне,кәсіби шеберлігіне,ынтымақтастығына,отбасы мүшелері бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына,көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына,қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды,тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыркы шарт.Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін,өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.Баланың көпшілік уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді.Оның өмірін,іс-әрекетін,демалысын бірқалыпты ұйымдастырып,реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек .Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады.Күн – ырғақ бұл өмір тәртібі.Ал бала сол отбасы мүшесі жіне ол өзміндетін қашанда оорындауға тырысады.

Отбасында бала әр нәрсені естиді,көреді,қалай өмір сүру керек,өзін-өзі қалай ұстай білу керек,жағымды,жағымсыз мінез құлықтарды байқайды.Сондықтан ата-ана балаға үңіле қарап,үнемі бақылап зертеу жағдайын еске алып отыруы тиіс.Көп жылға жүргізілген бақылау және зерттеу теріс қылықтар мен қиыншылықтар мектепке келгенде де дағдыға айналады.Әрине,мұндай себептер әртүрлі әсерлерден болады.Пайда болатын теріс қылықтардың басты себептері неде?Біздіңше, Біріншіден, отбасы тәрбиесінде бала талабын екі етпей орындау.Өз бетінше шешім қабылдауға,әрекет етуге бейімделу.Сондықтан бала өз орнын таба білмейді.Қыңырлыққа,қарсыласуға үйренеді. Екіншіден , ата-ана баласын бақылаусыз қалдырады.Ал кей жағдайда,кейбір ата-ана тұрақты бақылауға алады.Оның жүріс-тұрысы,әрбір қадамын есепке алып отырады.Осының нәтижесінде бала ата-ананың торына түсіп,өз бетімен іс-әрекет жасау өрісі тарылады. Үшіншіден, балаға кейде сыртқы факторларда әсер етеді.Оларға еліктеудің нәтижесінде өмір нормасынан ауытқу пайда болады.Егер бала психологиясынан осындай жағдайларды байқаған сәттен оған мектеп психолыгы,сынып жетекшісі,ата-анасы,тіпті жолдастары тарапынан оңдыкөмек көрсетілуі қажет.Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі.

А.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз,ата-аналардың өздеріне талап қойып,өз отбасын қадірлей білуі,өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекерден бекер айтыла салған сөз емес Әке мен шешесінің отбасындағы келеңсіз іс-әрекеттері балаға әсер етпей қоймайды.Бала неврозға ұшырайды.Денсаулығы бұзылады.Мұндай жағдайларды болдырмау үшін мұғалм,сынып жетекшісі,бүкіл педагогикалық ұжымата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатып бірлесе отырып жұмыс атқаруы керек.Өйткені бала тәрбиесіндегі теріс әдетдағдылар ата-ананың  қамқорсыздығынан, қадағалаусыздығынан, мейірімсіздіктен туады.

Осындай тәрбиенің сәтсіздіктерінен «Тәрбиесі қиын» балалар кездеседі.Ол бала мектепке де, өз сыныптарына да түрлі кедергілер келтіреді. Қазақстан Республикасының ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы,қазынасы – адам және оның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» делінген..Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр.Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген.Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек.

 

Ата-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын

анықтауға көмектесетін тест

 

Әрине, әрбір ана өз баласын ең жақсы, ақылды,талантты деп есептейді. Және бұл дұрыс та. Талантсыз ешнәрсеге қабілеті жоқ бала болмауы да мүмкін емес. Ал, шын мәнінде, бала қай салада өз қабілетін толығымен көрсете алатынын анықтау дәл уақытында мүмкін бола бермейді,және де қателіктер мен түңілулер кездесуі мүмкін.

 

Психологтар құрған, ұсынылып отырған тест, 7-13 жасар аралығындағы балаларға арналған, ол сіздің байқауларыңызды тексере отырып, қай салада балаңыздың талантты екенін, қай саладағы іс-әрекетке оны тартатынын анықтауға көмектеседі.

Егер тестілеудің нәтижесі көңіліңізден шықпаса,оған түңілмеңіз,өйткені бала өзгереді, оның келешегі алда. Ал, егер өте жақсы нәтиже алсаңыз да, балам керемет өзгеше, ерекше дарынды деуге тағы болмайды, себебі бұл тест- ғылыми зерттеу емес, жартылай ойын.

Сонымен, төмендегі сұрақтарға "ия" немесе "жоқ" деп жауап беріңіз.

Сіздің балаңыз белгілі бір затқа ерекше қолданыс тапқан кезі болды ма?

Балаңыз өзі жақсы көретін істерін өзгерте ме?

Әртүрлі абстрактілі суреттер салуды ұната ма?

Өзінің қиялдаған, елестеткен заттарын салуды ұната ма?

Қиял ғажайып әңгімелерді ұната ма?

Әңгіме немесе өлең шығара ма?

Қағаздан әртүрлі қиын фигуралар қиюды ұната ма?

Өзі білмеген, немесе бұрын кездеспеген нәрсені жасап көрді ме?

Өз ойымен бір нәрсені өзгерту тілегі бола ма?

Қараңғыдан қорқа ма?

Жаңаша сөз ойлап тапты ма?

Бұл сөзді түсіндірмесе де түсінікті деп есептеді ме?

Өз тілегіне қарай жиһаздың орнын ауыстырып көрді ме?

Бұл ойы сәтті болды ма?

Бір нәрсені өз қажетінен басқа жағдайға қолданып көрді ме?

Сіздің балаңыз тым кішкене болған кезде, әртүрлі заттардың қолдануын таба алды ма?

Киімді сіздің емес, өз талғамына қарай кигенді ұната ма?

Басқаларға түсініксіз өзінің жеке жан дүниесі бар ма?

Өзі түсінбейтін нәрселердің жауабын іздей ме?

Қоршаған құбылыстарды түсіндіруін жиі сұрай ма?

Көркемделмеген, суреті аз кітаптарды оқығанды жақсы көре ме?

Ойындар мен қызықты көңіл көтерулер ойлап шығарды ма?

Көрген түстері мен бастан кешірген жағдайларын есінде сақтап, айта ала ма?

Ұпай санау:

әрбір "ия" деген жауап - бір ұпай.

Нәтижелері:

20 ДАН 23 КЕ ДЕЙІН: бала өте алғыр, қоршаған ортаға өзіндік көзқарасы бар, оған көмектесу керек.

15 ТЕН 19 ҒА ДЕЙІН: бала үнемі өз қабілетін аша алмайды, ол бірнәрсеге қызыққанда ғана тапқырлық, ойлылық таныта алады.

9 ДАН 14 КЕ ДЕЙІН: көп білім салаларына жеткілікті үлкен ойы бар, бірақ олар үшін жеке көзқарас міндетті емес. Дегенмен, шығармашылықпен айналысуға көп нәрселер жетіспейді.

4 ТЕН 8 ГЕ ДЕЙІН: балаңыз өзінеқажетті мақсатқа жету үшін ғана шығармашылықпен ойлана алады, тәжірибелік іс-әрекетке бейімі бар.

4 ТЕН ТӨМЕН: балаға ойлап табушылық жетіспейді, бірақ ол қиын мамандық болса да, жақсы орындаушы ретінде жетістікке жете алады.

 

 

bottom of page